16.03.2023, 17:30
Оқылды: 150

Экология тақырыбына арналды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 15-16 наурыз күндері «ЭКО-кеңістіктегі ғылыми жастар» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

IMG_9412

Мектеп оқушылары мен студенттер қатысқан бұл конференция Жәңгір хан университетінің 60 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. Басты мақсат – экологияға жанашыр адамдар тобын тәрбиелеу, олардың қатарын көбейтуге ықпал ету, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру.

Аталмыш конференцияның бірінші күнінде «Экология және тұрақты даму», «Адам экологиясы және қоршаған орта қауіпсіздігі», «Экологиялық тәрбие және білім беру» тақырыптары аясында секциялық отырыстар ұйымдастырылды. Мұнда білім алушылар ғылыми жобаларын қорғап,  экологиялық мәселені жан-жақты сөз етті. Ал екінші күнгі конференцияның қорытынды жиынында тәрбие және әлеуметтік жұмыс бағыты бойынша «Мета-дағдылар және жастардың белсенді өмірлік ұстанымын дамытудағы жаңа сәйкестіктерді іздеу» инновациялық идеялар байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Алдымен университетіміздің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға мақтау қағаздарын тапсырды.

Жалпы 21 үміткер қатысқан байқауда І орынды Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті Нұрберген Урынғалиев иеленсе,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері Айдана Жалғасова мен Әлихан Уахитов және аталған колледждің білім алушысы Досымжан Ғалымжанов ІІ орынды өзара бөлісті. Ал Сырым ауданы Бұлдырты ЖОББ мектебінің оқушысы Алтынай Тұрғалиева, дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы Азиза Амангелдиева және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері Нұрхат Насиболла мен Шадияр Мусин ІІІ орынға қол жеткізді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Марапаттау рәсімінен кейін сөз алған БҚАТУ-дағы «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебінің жетекшісі, доцент м. а., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Марклен Шукуров байқауға қатысқан жастарға алғыс білдірді.

Университеттің мерейтойлық жылы аясында өткізілген конференция жұмысын «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебі ұйымдастырды.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале