Оралда кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан жеңгетай ұсталды
5 Желтоқсан 2022

Оралда кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан жеңгетай ұсталды

БҚО-ға жұмыс сапарымен Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев келді
5 Желтоқсан 2022

БҚО-ға жұмыс сапарымен Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев келді

Ардагер ұстаздың ғасыр тойы
5 Желтоқсан 2022

Ардагер ұстаздың ғасыр тойы

Қарауындағылардан ақша жинайды – БҚО-да тәртіп сақшыларының хаты бойынша тексеру басталды
5 Желтоқсан 2022

Қарауындағылардан ақша жинайды – БҚО-да тәртіп сақшыларының хаты бойынша тексеру басталды

БҚУ-лық театр – жеңімпаз
5 Желтоқсан 2022

БҚУ-лық театр – жеңімпаз

7-20-25 ипотекасының шекті сомасын өзгерту жоспарда жоқ — Ұлттық банк басшысы
5 Желтоқсан 2022

7-20-25 ипотекасының шекті сомасын өзгерту жоспарда жоқ — Ұлттық банк басшысы

17.01.2018, 10:42
Оқылды: 39
Экономикалық соттың рөлі өсе түсті

ҚР Жоғарғы сотының 2017 жылдың есеп-қисап қорытындысында азаматтық істерді қарау сапасы бойынша экономикалық соттар арасынан БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 3-орынға ие болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2017 жылы атқарылған сот жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

Басқосуда мәлім болғандай, сот өндірісіне 2017 жылдың 12 айы ішінде барлығы 77 іс және 3942 арыз  түскен. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың есепті кезеңіндегі арыздар санымен салыстырғанда 988-ге өскен. Мұның өзі жанжалды және құқықтық қатынастар саласындағы мәселелерді шешудің негізгі реттеушісі ретіндегі соттың рөлінің өсе түскенін көрсетеді.  Азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, сондай-ақ корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi қарайды.

-2017 жылдың 12 айында 4060 азаматтық іс негізінен қаралды. Қаралған істердің саны өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда,  1253 іске көбейген. Сот шешімі шығарылып аяқталған азаматтық істердің саны артты. 2016 жылы  қаралған істердің 2347-і шешім шығару арқылы аяқталса, 2017 жылы ондай істің саны 3364-ке жетіп, 1017 бірлікке өсті. Оның ішінде төрт іс (2016 жылы-18) сырттай тәртіппен қаралды, және сырттай шығарылатын шешімдер азайды, - деді БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Исатай Сматов. Оның айтуынша, азаматтық істердің сырттай тәртіппен қаралуына жауапкерлердің жосықсыздығы, әр түрлі себептермен сот мәжілісіне келмеуі себеп болған.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс берушінің талап арызы елеулі артқаны (2016 жылы 1006 іс, 2017 жылы 1677 іс) байқалады. Сондай-ақ, шарттық қатынастар бойынша талап арыздар саны 2016 жылы 852  іс болса,  2017 жылы 1323 іске жетті. Есепті кезеңде сотпен 94 жеке ұйғарым шығарылып, 2016 жылдың есепті кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 19 есеге өскен, сондай-ақ екі жыл ішінде судьялар әрекетіне шағым түспеді.

-Өткен жылғы қаңтардағы ҚР Жоғарғы сотының төрағасы өкімімен қолданысқа енгізілген пилоттық жобаны көздеген мақсатына жеткізу және қойылған тапсырмаларды орындау үшін есепті кезеңде сотпен бітімгершілік келісімді бекіту арқылы 116 азаматтық іс қаралып, медиация рәсімін қолдану арқылы 150 іс аяқталды және жеті азаматтық іс партисипативтік келісім жасасу арқылы қысқарды.  2016 жылы 87 іс бітімгершілік, 92 іс медиация және бір іс партисипативтік рәсім арқылы аяқталды. Осылайша, бітімгершілік рәсімін қолдану аясы кеңи түскені көрініп тұр, - деді аталыш соттың судьясы Найля Сейдахметова жиында. Судьяның айтуынша, пилоттық жоба  2018 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылып, осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

«Электрондық үкімет» бағдарламасы шеңберінде аталмыш сотпен «электрондық үкімет» порталы, ЭҚАБЖ арқылы берілген талапарыз және басқа да электрондық құжаттарды қабылдау және есепке алу пунктері жүзеге асырылуда. «2017 жылдың 12 айында электрондық үкімет порталы арқылы 3865 талапарыз және азаматтардың өтініштері түскен. Бұл сотқа келіп түскен арыздардың жалпы санының 98,1%-ын құрайды. Қазіргі уақытта талапарызды берген кезде (талапарыздың деректемесінде ұялы телефон номері және электрондық пошта көрсетілуі тиіс) талон беріледі. Автоматты хабарламаға келіскен жағдайда талапкерге азаматтық істі қабылдау, тағайындау және қарау туралы хабарлама жіберіледі.

-2016 жылы кассациялық саты сотында үш шешім өзгеріп, 12 шешім бұзылды, барлығы 15 шешім бұзылып-өзгерсе, 2017 жылы өзгерген шешімдер болмады, 11 шешім бұзылды. Сөйтіп, бұзылып-өзгерген шешімдер төрт шешімге немесе 0,3 %-ға азайды. Осылардың негізінде 2016 жылы апелляциялық және кассациялық саты соттарында 25 шешім бұзылып-өзгерсе, 2017 жылы 30 шешім бұзылып-өзгерген. Сөйтіп, бұзылып-өзгерген істердің саны  көбейгенімен, қабылданған шешімдердің санын арттыру салдарынан азаматық істердің қарау сапасы  0,2%-ға жақсарды, - деді Исатай Сматов. Төрағаның айтуынша, ҚР Жоғарғы сотының есеп-қисап қорытындысында азаматтық істерді қарау сапасы бойынша  БҚО  соты 1-орынға, ал экономикалық соттар арасынан БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 3-орынға ие болды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале