23.07.2026, 16:15
Оқылды: 15

Экозаң қарапайым тілмен

Қоқыстың орны – табиғатта емес, арнайы контейнерде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды. 

7efa52d2f2c79e3602173fb3dee1541f_1280x720

Қоқыс жәшігіне емес, жерге тасталған әрбір пакет, бөтелке немесе темекі тұқылы – жай ғана ұқыпсыздық емес. Бұл – қоршаған ортаға зиян келтіретін және заң талаптарын бұзатын әрекет.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 319-бабына сәйкес, қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және жою қоршаған орта үшін қауіпсіз тәсілмен жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабында ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны және коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қарапайым тілмен айтқанда:

Көшеде, аулада, саябақта, орманда, өзеннің немесе теңіздің жағалауында, сондай-ақ қоқыс тастауға арналмаған кез келген жерде қоқыс қалдыруға заңмен тыйым салынады.

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада мынадай жауапкершілік көзделген:

• бірінші рет құқық бұзғаны үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту;

• бір жыл ішінде қайталап құқық бұзғаны үшін – 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту.

Тазалық – әрқайсымыздың қарапайым таңдауымыздан басталады. Қоқысты арнайы контейнерге дейін жеткізу – табиғатқа деген құрметтің белгісі. Табиғатты қорғау үлкен күш-жігерді талап етпейді, бірақ осындай қарапайым әрекеттердің арқасында Қазақстанымыз таза, қауіпсіз әрі жайлы бола түседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале