Жас термешілер додаға түсті
24 Мамыр 2022

Жас термешілер додаға түсті

Ақынға арналған кеудемүсін орнатты
24 Мамыр 2022

Ақынға арналған кеудемүсін орнатты

Газет пе, гаджет пе?
24 Мамыр 2022

Газет пе, гаджет пе?

Бостандықта Сарыөзен жағажайы ашылды
24 Мамыр 2022

Бостандықта Сарыөзен жағажайы ашылды

Классикалық әуен кешіне қош келесіздер!
24 Мамыр 2022

Классикалық әуен кешіне қош келесіздер!

Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov-та онлайн түзете алады
24 Мамыр 2022

Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov-та онлайн түзете алады

21.07.2017, 12:17
Оқылды: 27
Экспедиция 21-інші рет ұйымдастырылуда  

 

Елена Тарасенконың бастамасымен Жайық өзені бойымен жүзіп өтетін дәстүрлі экспедиция өз жұмысын бастады.


Экспедиция Ресей жерінің Подстепки ауылынан 21 шілдеде қозғалады. Ресейліктер облыс әкімі Алтай Көлгінов бастаған өңір делегациясын Орынбор облысының Елек ауданы маңынан қарсы алмақ.

Бірнеше күнге созылатын экспедиция барысында Жайықтың Бірыңғай күндері мерекесін атап өту үшін БҚО мен Орынбор облысының басшыларының басқосуы, түрлі жиындар мен мерекелік концерттер, жастар флешмобтарын өткізу жоспарланған.

Мерекелік шаралар аясында Жайық өзені туралы екі ел арасындағы ортақ хаттамаға сәйкес БҚО облыс әкімі А.Көлгінов пен Орынбор облысының губернаторы Ю.Берег ресми түрде бекіткен Жайықтың Бірыңғай күндері мекемесінің символы орнатылатын болады. Айтулы күнге орай «Жайық өзеніне қамқорлық жасай отырып, бауырлас халықтардың елдері мен достығын сақтаймыз» тақырыбында тарихи-экологиялық конференция өткізіледі.

Экспедиция Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі аудандарындағы Успеновка, Жаңаталап, Жарсуат, Ақсуат ауылдарында, Орал қаласының Желаев, Зашаған кенттеріне аялдап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады.

 

Ұқсас жаңалықтар