19.04.2024, 16:04
Оқылды: 18

Экстремизмге күдікті адамдар ұсталды

"17 сәуірде ҚР ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе отырып, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады", - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

01d42bf812b464dc2f85b53b0be34006_1280x720

Фото: www.gov.kz

Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп күдіктеледі.

Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

cc307278e2e34e98f68916c18debb3d6_1280x720

Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану сұрағы шешілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале