30.03.2021, 19:49
Оқылды: 166

Ел аузындағы қайраткер

Достық үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың туғанына 95 жыл толуына орай «Із қалдырған дара тұлға» атты еске алу кеші өтті.

B4595859-3C57-4EC1-BF44-EB5E54BFAFBA

Мұстақым Біләлұлы саналы ғұмырында өшпес із қалдырған, Жайық өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеріп,  мәдениетін өркендетуде  елеулі еңбек етті. Абзал азаматтың  сүбелі еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі болса, бүгінгі ел тізгінін ұстаған азаматтар үшін  аманат.  Қайраткерді еске алу кешінде көрерменге ұсынылған бейнебаянға оның жүріп өткен жолы, сан салада атқарған нәтижелі жұмысы арқау болды.

– Халқымыз әрдайым өткенге салауат айтып, келешекке аманат жүгін қалдырған. Сондықтан ел өз тарихында  әрдайым асылдарын ардақтап, тұлғаларын ұлықтай білген. Өткенді бағалай білу – өнегелі ұрпақтың ісі. Елдіктің белгісі. Өздеріңіз білетіндей, Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың  95 жылдығына орай өтіп жатқан іс-шаралардың барлығы – сан жылдар өтсе де қоғам қайраткерінің ерлігі және есімі ел аузында екенінің айқын дәлелі. «Адам мәңгі жасамайды, мәңгі жасайтын оның ісі» дегендей, нар тұлға – ең алдымен табанды еңбегімен, табиғат тарту еткен талантымен және ерекше мінезімен ел аузында, ел есінде қалған жан. Мұстақым Біләлұлы Сыр өңірінде 36 жасында ел басқарған. Еліміздің түкпір-түкпірінде және біздің өңірде басшылық еткен оның батыл қадамдары мен асыл мұрасын насихаттау – біздің парызымын, ізін жалғастыру – міндетіміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

048542C3-AAA5-4E2D-92F3-62B6AECBEE75

Еске алу кеші барысында «Ықсанов –  біртуар жан, асқақ тұлға» атты  жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен ғылыми-тәжірбиелік конференциясының және мемлекеттік қызметкерлер мен мекемелер арасында баскетболдан өткен Орал қаласы біріншілігінің жүлдегер-жеңімпаздары марапатталды.  

0ED6A15E-197C-4A49-9E56-84FA21D8BAD8

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале