16.07.2020, 10:27
Оқылды: 76

Ел азаматтары шетелден дәрі-дәрмектер әкелуге құқылы

Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманованың мәлімдеуінше, әр адам шетелден өзіне қажетті дәрілік препараттарды әкеле алады. Кейбір жағдайда оны растайтын құжат талап етілуі мүмкін. Яғни дәрігер жазған тізіміне науқас картасының көшірмесін көрсету қажет. Бұған қоса, елге кіргізілетін препараттардың көлемі де маңызды рөл атқарады.

59858531-2FD6-4D72-AEA0-B3CA71B6BD87

- Қазақстан заңдарына сәйкес, жерлестеріміз дәрі-дәрмекті шетелдерден әкелуге құқылы. Оған ешқандай кедергі жасалмау керек. Ең бастысы, оның қажеттілігін дәлелдесе болды. Бірақ рұқсат етілді деп, тым үлкен көлемде тасымалдауға тағы болмайды. Рұқсаттың да өз шегі бар.

Ал оны өткізуге кедергі жасаған кеден не шекара қызметінің мамандары Қазақстан заңдарын бұзған болып табылады, - дейді Марина Дурманова.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале