24.10.2023, 12:30
Оқылды: 60

Елдік пен бірліктің бастауы

1990 жылдардың басында КСРО құрамындағы Одақтас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің егемендігін жариялап жатты.

жп дала дала дала

1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-ының Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады.

Бұл дегенің мемлекет егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы, болашақ мемлекет тәуелсіздігіне, яғни елдік пен бірлікке апаратын бастау болатын.

Декларацияда тұңғыш рет КСРО Жоғарғы органдарының заңдар үстемдігін шектейтіні және өз территориясында күшін жою құқы бары айтылады.

Сондай-ақ өзіндік меншігі жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бір сөзбен айтқанда республиканың территориясындағы барлық ұлттық байлық одақтық мүліктен алынып, Қазақстан меншігіне тиесілі деп бекітіледі.

Сонымен қатар Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін жариялады. Осылайша Декларацияға сай заң шығарушы билік Жоғарғы Кеңеске, атқарушы билік Президентке, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа беріледі.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале