9.11.2022, 9:17
Оқылды: 30

Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады - Қазгидромет

Қазгидромет 9 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

221108135244346e

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының тау және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале