20.04.2021, 13:51
Оқылды: 99

Елдің еңбекторысы

Өмірдің нарқын, дүниенің парқын білетін, жұртшылықтан алғыс алған, адамгершілігі зор, қайырымдылық, қанағатшылдықты бағдар ете білген, кішілігі мен кісілігі қатар өрілген Ғарифолла інім қандайма мақтауға да, жылы  лебізге де тұратын адам.   

 ен11

1967 жылы Алматы қаласынан арнайы милиция мектебін тәмамдағаннан кейін жолдамамен Жәнібек аудандық ішкі істер бөліміне келіп, аға мемлекеттік автомобиль инспекторы қызметіне тағайындалдым. Ауданда ол кезде он кеңшар, автокөлігі бар сексенге тарта мекеме-ұйым, бір автобаза болса, кейіннен тағы екі автобаза құрылған-ды. Жүргізушілер қауымының ортасы білген адамға ерекше. Олардың арасында ыңғайы келсе, алдауға, жұмсаған жерге әр түрлі сылтау айтып бармауға, өзінің кемшілігін басқаға итере салуға  бейім жандар да кездесетін. Дегенмен, олармен жылы сөйлесіп, ойын дөп баса білсең, сенім үдесінен шығып, күрмеуі күрделі істі сеніп тапсыруға болатын, әрқашан көмек қолын созуға әзір тұратындары да аз емес-тін. Ол үшін қызмет барысында ісің әділ, қолың таза, жүрісің тура болуы қажет.

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №31 санындағы Жәнібек аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, құқық қорғау саласының ардагері Бекет Әліпқалиевтің «Елдің еңбекторысы» атты мақаласынан оқи аласыздар!

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале