13.12.2022, 17:30
Оқылды: 58

Еліміз ДДҰ-ға қосылғаннан кейін аутизм жағдайлары 300 %-ға артты - манипуляция

Әлеуметтік желілерде ДДҰ-ға қосылу аутизм спектрі бұзылуының статистикасына теріс әсер еткені туралы жазылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9

Онда еліміз ДДҰ-ға кірген сәттен бастап АСБ ауыратын балалар саны 300%-ға артқан деген мәлімет те бар.

Ал stopfake.kz сайтының дерегінше, шындығында, оның ешқандай қатысы жоқ.

«Қазақстан ДДҰ-ға 1994 жылы кірді. Яғни, 29 жыл бұрын. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өзгерді, оның ішінде медицина да. Атап айтқанда, аутизм бөлек диагноз ретінде көрсетіле бастады, содан кейін аутизм спектрінің бұзылуы секілді кең ұғым пайда болды.

2013 жылға дейін аутистикалық бұзылулар, аурулардың халықаралық классификаторына сәйкес, первазивті бұзылуларға жатқызылып келді және ондай диагноз сирек қойылатын. Ал 1980 жылға дейін аутизм диагнозы, сондай-ақ аутизм спектрінің бұзылуы деген түсінік мүлдем болған емес. Мұндай белгілері бар балаларға «балалар шизофрениясы» диагнозы қойылды», - деп жазылған ақпарат көзінде.

Алайда, диагноздың болмауы аурудың жоқтығын білдірмейді. Қазіргі кезде нақты диагноз қоюға және шизофрения мен басқа да бұзылуларды, АСБ туралы ажыратуға мүмкіндік беретін диагностикалау әдістері мен жолдары бар. Дәл осы медицина мен диагностиканың дамуы аутизм спектрі бұзылған балалар санының көбеюіне әсер етеді деп саналады.

АСБ статистикасы бүкіл әлемде де, Қазақстанда да өсуде: 2017-2022 жылдар аралығында көрсеткіштер екі есеге жуық өсті.

«Мұның Қазақстанның ДДҰ-ға кіруіне ешқандай қатысы жоқ.

Сарапшылардың пікірінше, бұл статистиканың өсу себептері диагностикалау мүмкіндіктері, қоршаған ортаның ластануында және ата-аналардың орта жасының ұлғаюы болып табылады.

Демек, таралған хабарлама – манипуляция. Қазақстанның ДДҰ-ға кіруі және елдегі аутизм статистикасының өсуі өзара байланысты емес», - делінген сайтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале