15.09.2021, 10:54
Оқылды: 100

Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды

Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 00

«15 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы алқаптардың 83,3 пайызынан өнім жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерден, жалпы 12 млн тонна астық бастырылды», деп хабарлады министрліктен.

Ведомствоның мәліметінше, негізгі егін егетін үш өңірде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстанда 10 млн га немесе жинау алаңының 86% жиналды. Өнімділік гектарына 8,3 центнерден, 8,2 млн тонна астық бастырылды.

«Сақтау сыйымдылығы өткен жылдан қалған астық пен биылғы болжанып отырған астық көлемін сақтауға жеткілікті», делінген хабарламада.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале