ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев ұлттық жобаларды жүзеге асыру нәтижелерін баяндады.

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан
Министрдің мәліметінше, жобалар аясында елімізде 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып, 10 мыңнан астам студентке арналған 30 жатақхана пайдалануға берілді. Осылайша, 7,5 мың колледж студенті және 23,6 мың жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары жатақханамен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар ведомство басшысы 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау қолға алынғанын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілгенін мәлімдеді. Ал Astana Hub экожүйесінде бүгінде 2,2 мыңнан астам компания тіркелген.