20.03.2023, 12:44
Оқылды: 90

Елімізде 900-ден аса оқушы жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиадада бақ сынайды

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары.
Бұл -  математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша 9-11, (12) сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі зияткерлік сайысы.

IMG_20230320_123958

"1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера" қағидаты бойынша өткізілген олимпиаданың мектептік кезеңіне 282 090 оқушы, аудандық кезеңіне 82 854, облыстық кезеңінде 15 651 оқушы қатысып, үздіктер іріктелді. Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық өңірінен келген 900-ден аса оқушы өзара сынға түседі, оның ішінде 88-і олимпиадалық резерв мүшелері.

Айта кетейік, бес күнге созылатын интеллектуалдық дода классикалық форматта өтеді.

Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімі 25 наурызға жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале