7.02.2022, 17:15
Оқылды: 89

Елімізде 96 миллион гектар жерге зерттеу жүргізілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде 96 миллион гектар жерді тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

191128184800646e

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өзекті бағыттарының бірі ресурс үнемді егіншілікті дамытуды, жайылымдарды ұтымды пайдалануды, жайылымдарды суландыру және олардың тозуы мен шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қарастырып жатыр. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану ауыл шаруашылығында және тұтастай ел экономикасында үлкен маңызға ие. Ауыл шаруашылығында өнім алу жердің сапалық жағдайымен, оны пайдалану сипаты мен жағдайына тікелей байланысты. Ведомство жүйелі негізде жердің топырақтық және геоботаникалық зерттеуін жүргізеді. 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін 33 млн гектар алаңда ауқымды топырақ зерттеулері, 33 млн гектар алаңда геоботаникалық зерттеулер және 30 млн гектар алаңда топырақ бонитировкасы жүргізілді», - делінген министрлік мәліметінде.

Жүргізілген жұмыстар қарашіріктің, жалпы фосфор мен азоттың, калий мен фосфордың жылжымалы қосылыстарының құрамын, қышқылдығын немесе сілтілігін, сортаңдануын, карбонаттығын, тұздануын және топырақтың механикалық құрамын (жер құнарлылығының көрсеткіштері) анықтауға мүмкіндік берді. Оларды білу ауыл шаруашылығымен айналысу кезінде қажет. Деректер негізінде арнайы аттестатталған зертханаларда жүргізілетін мұқият талдаулар арқылы әзірленген жерді ұтымды пайдалану үшін қажетті ұсынымдар қалыптастырылды.

Жерді ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдар қамтылған түсіндірме жазбалары бар барлық материалдар мен деректер одан әрі пайдалану үшін тұрақты негізде облыстық және аудандық әкімдіктердің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына беріледі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале