10.11.2021, 17:30
Оқылды: 117

Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасының аясында 40 нәресте дүниеге келген

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Аңсаған сәби» бағдарламасының аясында биыл 40 нәресте дүниеге келген.

70DAF510-3AFA-43A0-A422-A71E19EBDD6F

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«10 қарашадағы жағдай бойынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 6 мың емделушіге экоұрықтандыру жасалды. Бұл - бүкіл жоспарлы көлемнің 84 пайызы деген сөз. Тағы 740 пациент осы бағдарламаға қатысып бастады. 2000-нан астам жүкті әйел есепке алынды. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша 40 нәресте дүниеге келді», - деді департамент директоры.

Оның айтуына қарағанда, алдағы бес жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша нәресте сүю мүмкіндігі жыл сайын 7000 жұпқа берілмек.

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін жыл сайын бедеулігі расталған 7000 жұпқа міндетті медициналық сақтандыру аясныда «эко» жасату қарастырылған», - деді Мағрипа Ембергенова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале