ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы бес жылда елімізде 1,1 мың жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Нәтижесінде 1 миллионнан астам жаңа оқушы орны ашылып, бастауыш сыныптардағы оқу жоспарлары жаңартылды және орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізіле бастады. Сонымен қатар 2026 жылдың басынан бері қазақстандық 2 073 оқушы халықаралық жарыстарда 204 алтын, 356 күміс және 507 қола медаль жеңіп алып, еліміздің білім беру әлеуетін дәлелдеді.