19.12.2022, 15:01
Оқылды: 47

Елімізде екі күн ішінде газдан 14 адам уланып, 3 адам қайтыс болды - ТЖМ

19 желтоқсанда Абай облысындағы Семей қаласында пешпен жылытылатын 2 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан, түтін мұржасының тартылуының болмауына байланысты улы газдан уланып 1994, 1971 және 1997 жылдары туған 3 адам ауруханаға жатқызылды.

IMG-20221219-WA0011(1)

«Осы күні Астана қаласында пешпен жылытудың ақаулығына байланысты 2 қабатты жеке тұрғын үйде орташа ауырлықтағы улы газдан уланып, 1970, 1990, 1994, 2012, 2015, 2018 жылдары туған азаматтар ауруханаға жеткізілді.

18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевск кентіндегі орталық ауруханасына улы газдан улану белгілері бар 15 жастағы жасөспірім түсті. Белгілі болғандай, апат жігіт ваннада болған кезде тазаланбаған мұржаның салдарынан болған», - деп жазды министрлік.

Ведомство ықтимал қайғылы салдардың алдын алу үшін үнемі абай болып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

ТЖМ халыққа жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақытылы жоюды ұсынады. Пештердегі жарықтарды бітеп, мұржаларды 3 айда кемінде 1 рет тазалау, аязда пештерді қатты қыздырмау, от жағу үшін ұзындығы от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажет.

Фото:gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале