30.10.2023, 10:45
Оқылды: 52

Елімізде Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады

Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады, деп хабарлады ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

08A9B927-B916-4F9F-882A-8C07B70BB1B4

Сурет: 7kun.kz

Министрлік тиісті қаулының жобасын әзірледі.

Институт Каспий теңізінің экологиялық және су деңгейінің төмендеу мәселелерін, итбалықтармен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау, ихтиофаунаны, акваториясы мен Каспий жағалауын зерттейді.

Сондай-ақ Каспий бойынша шекаралас мемлекеттердегі әріптестермен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету бағытында да жұмыс жүргізеді.

Институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық бағыттары бойынша объективті және тәуелсіз ақпарат жинақтайды.

Бұл деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді іс-шаралар қабылдауы үшін негіз болады. Сонымен қатар, ғылыми ұйым құру Каспийді сақтау жөніндегі халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы кешенді іс-шаралар қабылдау үшін Маңғыстау облысында Каспийді зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құруды тапсырды. Институт құру – мәселені жан-жақты зерделеуге, ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале