13.12.2021, 12:00
Оқылды: 53

Елімізде қоғамдық орындардағы құқық бұзушылық 6 пайызға төмендеді

Елімізде қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық саны 6 пайызға төмендеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бағланбек Айтбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

34

«Ішкі істер органдары қоғамдық орындар мен көшелерде тиісті құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар қажетті алдын алу іс-шараларын іске асырады. Осы мақсатта құқықтық тәртіпті сақтауға күнделікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері тартылады», - деді ол Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Басқарма басшысының атап өтуінше, олар көшелерді, саябақтарды, алаңдарды, аулаларды және басқа да қоғамдық орындарды патрульдейді.

«Жалпы қазіргі күні елімізде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық санының 6 пайызға, оның ішінде көшелерде 13 пайызға төмендеуі байқалады», - деді Бағланбек Айтбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале