20.04.2020, 17:23
Оқылды: 109

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1775 болды

Қазақстанда тағы 18 адамнан коронавирус табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2CB0D22A-0603-4FC2-9C04-61A33AE30116

20 сәуір сағат 17:40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 адам тіркеліп отыр. Оның ішінде  Алматыда – 14, Шымкентте – 3, Қостанай облысында – 1. Coronavirus2020.kz мәліметінше, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 383 адам, Алматы қаласында – 549 адам, Қарағанды облысында - 93 адам, Ақмола облысында - 82 адам, Атырау облысында - 80 адам, Жамбыл облысында - 61 адам, Шымкент қаласында - 83 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 44 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 30 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 149 адам, Батыс Қазақстан облысында - 63 адам, Түркістан облысында - 60 адам, Қостанай облысында - 21 адам, жалпы 1775 науқас бар. Еске сала кетсек, соңғы тәулікте БҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырудың 17 дерегі тіркелген болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале