3.04.2024, 12:30
Оқылды: 31

Елімізде орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған курстар басталды

Елімізде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жүргізеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

8c6127f0c5d5f68c77f6115e64fea881_1280x720

Фото: www.gov.kz

«Қазір курстарда 5665 педагог оқып жатыр. Білім беру бағдарламаларының мазмұны МОДО, ЕНТ, PISA/PIRLS нәтижелерінің статистикасына назар аудара отырып жаңартылды. Бағдарламалардың жаңартылған құрылымында педагогтердің зерттеу және жобалау құзыреттерін дамыту бойынша қосымша модуль бар», - дейді басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов.

Қазіргі уақытта орталықта 41 білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Биыл барлығы 68 000-нан астам педагог оқытылады деп жоспарланған. Оның ішінде білім беру ұйымдарының басшылары, бастауыш сынып мұғалімдері бар. Бұл шаралардың барлығы педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және еліміздегі білім беру стандарттарын жақсартуға бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале