12.09.2026, 18:45
Оқылды: 156

Елімізде Отбасы күніне орай #Otbasym2026 челленджі басталды

Құрметті жерлестер! Отбасы – адам өміріндегі ең үлкен тірек, ең аяулы мекен.

stux-family-4610864_1920

Фото: pixabay.com 

Отбасында біз сүйіспеншілікті, сыйластықты, мейірімділік пен өзара қолдауды сезінеміз.

Әрбір шаңырақтың өзіндік тарихы, дәстүрі мен ерекше жылуы бар.​Осындай асыл құндылықтарды дәріптеу мақсатында #Otbasym2026 отбасылық челленджін қолдауға шақырамыз. Бұл бастама арқылы әр отбасы өзіне тән дәстүрін, бақытты сәттерін, ата-анасына деген құрметін және жақындарына деген ыстық ықыласын бөлісе алады.

​Тұрғындарды отбасымен бірге түскен фото немесе бейнежазбаларды жариялап, эстафетаны достары мен әріптестеріне жолдауға шақырамыз.

Отбасы берік болса, қоғам да берік. Әр шаңырақта күлкі, қуаныш пен татулық орнасын! Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймыз! Әр отбасыға мықты денсаулық, ынтымақ, бақ-береке тілейміз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале