6.12.2023, 12:00
Оқылды: 46

Елімізде шырша кескендерге қанша айыппұл салынады?

Жаңа жылдың негізгі символы - шырша. Алайда мерекеде үйін заңсыз кесілген қылқанжапырақты ағашпен безендіргісі келетін адам аз емес.

орал

Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 381-1-бабы "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау" бойынша:

Орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау - жеке тұлғаларға - 50 (172 500 теңге - еск.), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 150 (517 500 теңге - еск.), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 200 (690 000 теңге - еск.), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 500 (1 725 000 теңге - еск.) мөлшерінде айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Орман қорындағы ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау - жеке тұлғаларға - 100 (345 000 теңге - еск.), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 300 (1 035 000 теңге - еск.), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 400 (1 380 000 теңге - еск.), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1000 (3 450 000 теңге - еск.) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ заңсыз кесілген ағаштар мен бұталарды, көлік құралдарын және осы бұзушылықтарды жасауға құрал болған тәртіп бұзушының басқа да заттарын тәркіленеді.

Massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале