6.09.2026, 11:00
Оқылды: 23

Еліміздегі 2 мыңнан астам мектеп «Адал азамат» тұжырымдамасымен жаңарады

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес еліміздегі 2 мыңнан астам мектепте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірыңғай орта қалыптастырылып жатыр.

IMG_20260906_014753_199

Фото: oqu_agartu

​Білім беру кеңістігі арнайы әзірленген брендбук негізінде жаңа мазмұндық және көрнекі материалдармен толықтырылуда. Оқу ордаларын безендіру барысында бағдарламаның негізгі құндылықтары, Ата Заң нормалары мен «Таза Қазақстан» идеялары кеңінен қолданылған.

IMG_20260906_014814_535

Сонымен қатар мектеп қабырғаларында ұлы тұлғалардың тағылымды сөздері мен Қазақстан табиғатын бейнелейтін суреттер көрініс тапты.

IMG_20260906_014819_828

​Бұл ауқымды жұмыс оқушылардың күнделікті өміріне «Адал азамат» құндылықтарын сіңіріп, олардың бойында азаматтық жауапкершілік, отаншылдық, заңға бағыну мәдениеті мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале