12.10.2023, 20:24
Оқылды: 429

Еліміздегі құрылыс саласында ең үздік кәсіпкер әйел – Жанна Кенжина

Алматы қаласында Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен кәсіпкер әйелдердің V Халықаралық саммиті өтуде.  

IMG-20231012-WA0167

Әлемнің түкпір-түкпірінен әр саладағы көшбасшы әйелдер жиналып, тәжірибе алмасқан жиынға Батыс Қазақстан облысының кәсіпкер, өз саласының білімді де білікті нәзік жандыларын өңірімізге белгілі, білім саласында тәжірибелі басшы, қоғам белсендісі Туремуратова Жансулу Меңешқызы бастап барды.

Аталмыш саммит аясында еліміздегі әр салада жанкештілікпен еңбек етіп жүрген арулар қатысқан "Ажар жұлдызы" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқау нәтижесінде өңіріміздегі жол құрылысы саласында көшбасшы "ДСК Приоритет" компаниясын 15 жылға жуық басқарып келе жатқан Кенжина Жанна Тажғұлқызы республика бойынша "Құрылыс және жиһаз саудасы" номинациясында ең үздік кәсіпкер әйел деп танылды.

IMG-20231012-WA0156

Айта кетейік, " ДСК Приоритет" компаниясы қазірге дейін облысымыздағы 300 шақырымнан аса республикалық, облыстық маңызы бар және қалаішілік жолдарын салды. Компания бүгінгі таңда өңір үшін маңызды 144 шақырымдық "Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы" автожолының 108-144 шақырымын қайта жаңғыртуда.

IMG-20231012-WA0158(1)

ЖаннаТажғұлқызы екі жүзден астам қызметкерге басшылық жасап, өңіріміздің инфраструктуралық дамуына үлес қосып келе жатқан белсенді азамат, Орал қалалық мәслихатының депутаты ретінде қоғамдық істерде де белсенділік танытып жүреді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале