13.02.2022, 16:51
Оқылды: 101

Еліміздегі сарбаздардың өмірі туралы жоба басталды

ҚР Қорғаныс министрлігі сарбаздардың өмірі туралы SarbazLIFE жобасын іске қосты.

A5A36542-6FE6-4C50-8E34-898E70013D6A

SarbazLIFE жобасының бірінші шығарылымында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының мерзімді қызметтегі сарбаздары Георгий Вертков, Ақылбек Елик және Максим Кузнецов армия туралы, әскери ұжымдағы өмір туралы әсерлерімен бөлісіп, болашаққа жоспарлары туралы әңгімелейді.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, барлық шығарылым министрліктің ресми YouTube және Telegram каналдарында (@modgovkz) жарияланатын болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале