9.01.2023, 15:15
Оқылды: 70

Елімізден Түркия мен Өзбекстанға ақша аударатындар көбейген

2022 жылдың қаңтар-қараша айында жеке тұлғалар елімізден 1 трлн теңгеге жуық қаржы аударған. Оның жартысынан астамы Өзбекстан мен Түркияға жіберілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking ресурсына сілтеме жасап.

IMG-20230109-WA0002

Қазақстаннан шетелге қаржы жіберу ақша аударымы жүйесі арқылы жүзеге асқан.

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында халықаралық ақша аударымы жүйесі арқылы шетелге 962,7 млрд теңге жөнелтілді.

Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға артық.

Транзакциялар саны 2,6%-ға, 11 айда 2,3 млн-ға дейін қысқарды. Бұл шетелге жіберілетін бір аударымның орташа чегін 391,5 мыңнан 419,9 мың теңгеге дейін ұлғайтты.

2022 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстаннан шетелге жөнелтілген қаржы аударымының жартысынан көбі Өзбекстан мен Түркияға жөнелтілді. Теңгемен 276 млрд және 250,5 млрд.

Бұл ретте Өзбекстанға аударым көлемі өткен жылмен салыстырғанда 0,9%-ға, ал Түркияға бірден 32,4%-ға ұлғайды.

Сондай-ақ, ақша аударымының едәуір көлемі Ресейге (175,6 млрд теңге) және Қырғызстанға (71,6 млрд теңге) жіберілді.

Грузияға жөнелтілетін аударымның да айтарлықтай өскені байқалды. Яғни 2,5 есе немесе 64,8 млрд теңгеге дейін.

Түркия мен Грузия мобилизациядан қашқан ресейліктер үшін танымал бағыттар екенін атап өткен жөн.

Ақша аударым жүйесі бойынша өткен жылы қаңтар-қарашада елімізден шетелге жөнелтілген қаражаттың жалпы көлемінің 76,7% тек ресейлік «Алтын тәжге» (Золотая корона) тиесілі. Яғни 738,5 млрд теңге.

Одан кейін Contact (128,9 млрд теңге) және Western Union (59,9 млрд теңге) жүйесі тұр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале