13.12.2021, 11:00
Оқылды: 45

Еліміздің аумағында 3,2 мыңнан астам қылмыс жасалды

Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 211 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16

«Бір апта ішінде 3 211 қылмыс жасалды. Оның 2 212-сі тәулік ішінде ашылды», - деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Ресми өкілдің атап өтуінше, полиция қызметкерлері апта ішінде «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, алты өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, төрт қарақшылық, 32 тонау және 466 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале