19.02.2024, 11:00
Оқылды: 83

Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды

Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының 2-жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

b484747f9accca6474625cbd26d0b107

Фото: kazsports.kz

Бүгін Ұлттық құрама қоржыны тағы 3 медаль түсті. Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1.86 метрді бағындырып, чемпион атанды. Былтырғы Астанадағы бәсекеде бас жүлдені Надежда Дубовицкая жеңіп алса, Елизавета 2-орыннан көрінген.

Ал 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге 2-болып жетті. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған.

Сондай-ақ үш қарқып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлдеге ие болды.

Қазір Қазақстан құрамасында екі алтын, екі күміс, екі қола медаль бар. Тегерандағы чемпионат 19 ақпанда мәресіне жетеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале