1.08.2022, 21:47
Оқылды: 101

Елорда «сары аймақтан» шыға алар емес

Елімізде эпидемиялық ахуал кейінгі екі күнде өзгере қойған жоқ. Күніне коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 мыңнан аса адам анықталып жатыр. Оның жартысына жуығы – елорда тұрғындары, деп жазады egemen.kz. 

Сәйкесінше, бүгінгі таңда «сары аймақта» қалып тұрған жалғыз өңір – осы Нұр-Сұлтан қаласы.

КОВИДСурет: ашық дереккөзден

1 тамыздағы жағдай бойын­ша коронавирусқа қатысты Қа­зақ­стан өңірлеріндегі эпиде­мия­лық ахуалды бағалау матрицасы жарияланып, Нұр-Сұлтан қа­ла­сының «сары аймақта», қал­ған өңірдің барлығы «жасыл аймақта» орналасқаны белгілі болды. Сенбі күні коронавирусты 2 713 адам, жексенбіде 2 414 адам жұқтырды. Өткен тәу­лікте індетке шалдыққаны анықталған азаматтардың 947-сі – елордалықтар. Одан кейін ең көп КВИ жұқтыру жағдайы Алматы қаласында (464 адам), Қарағанды облысында (367 адам) және Ақмола облысында (101 адам) тіркелді. Жалпы, пандемия басталғалы аталған ин­фекцияға елімізде 1 352 594 адам шалдықты.

Қазір елімізде коронавирус­тан 26 687 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 527 пациент ста­ционарда, 25 160 науқас амбу­­­латориялық деңгейде ем қа­был­­дауда. Бұл ретте 44 адамның жағдайы ауыр, 10 пациенттің жағдайы өте ауыр және 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанын айта кету керек. Ал өткен тәулікте 1 949 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Халқы індетке жиі ұшы­рап жат­қан астанада 7 ин­фек­ция­лық стацио­нар жұмыс іс­теп жа­тыр. Бұл инфекциялық­ ста­ционарлардың сы­йымдылығы 634 төсекті құ­рай­ды. Онда қазір 449 адам ем қабылдауда, стационар жүктемесі 70,8%-ды құрайды. Оның ішінде 438 науқаста КВИ расталса, 11 адам пневмониямен ауырып жатыр. Жан сақтау бөлімшесінде 28 пациент емделіп жатыр, оның біреуі ӨЖЖ-ға қосылған. Аталған бөлімшедегі жүктеме 38,9%-ды құрайды.

Жалпы, Нұр-Сұлтан қала­сын­да өткен тәулікте 2 780 ПТР зерттеу жүргізіліп, нәтижесінде 947 алғашқы зертханалық рас­талған жағдай, 12 қайталама жағ­дай тіркелді. Пандемия кезе­ңін­де барлығы 3 397 437 ПТР зерттеу жүргізілді.

Ал вакциналау жағдайына келсек, бүгінде Қазақстанда ко­ро­навирус инфекциясына қар­сы бірінші компонентпен 9 554 903 адам, екінші компонентпен 9 334 764 адам вакцина салдырды. Соның ішінде Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 234 557 адам, екінші дозасын 1 186 887 адам алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале