26.08.2022, 14:30
Оқылды: 94

Елордада өңірлердің ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталды

Ертең елордада өңірлердің ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Сапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220605172350358e

«Конституция күні қарсаңында, 27-28 тамыз күндері жылда өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін бастағалы отырмыз. Осы күндері Түркістан облысының кәсіпкерлері қалаға 500 тоннадан астам өнімдерін әкеледі. Жалпы, Түркістан облысынан 70-тен астам кәсіпкердің қатысуы жоспарланған. Өнімдер елордадағы бағадан 15-20 пайыз төмен. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тікелей астанаға әкеліп, қала тұрғындарына сатады. Жәрмеңке «Астана-Арена» стадионының автотұрақ алаңында өтеді», - деді Қуаныш Сапаров елорда әкімдігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.

Оның атап өтуінше, елордадағы жәрмеңке 12 қарашаға дейін жалғасады және оған еліміздің барлық өңірі қатысады. 3-4 қыркүйекте Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Брифингіге қатысқан Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Нұрбол Бекмұратовтың дерегінше, өңірде 7 айда 339 млрд теңгенің өнімін өндірген.

«Жәрмеңкеге Түркістан облысынан 70-тен астам ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 40-қа жуық жүк көлігімен келді. Екі күнге созылатын жәрмеңкеге 478 млн теңгеге 500 тоннадан астам өнім әкелінді. Оның ішінде 165 тонна ет, 70 тонна бақша өнімдері, 100 тоннадан астам кортоп, көкөністер, сонымен қатар сүт өнімдері, шұжық, жұмыртқа бар», - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале