21.09.2021, 19:00
Оқылды: 96

Елордадағы өрт: Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Елордада Тұран даңғылының бойындағы ғимараттардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

A9EC6259-9A33-4286-AD8F-62FA17D2A4B6Соңғы мәліметке сай, елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 19:10 минутта ауыздықталды. Өрт шамамен 60 шаршы метрді шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, 18-33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында болған өрт орнына жеке құрамнан 44 адам мен 11 техникасы шақыртуға шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жанған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале