Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы халық пен медицина қызметкерлерін медициналық-санитариялық алғашқы көмек мәселелері бойынша жүйелі, өзекті және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Орталықтың ресми ақпараттық ресурстарында тұрақты түрде төмендегілер жарияланады:
Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің өзекті жаңалықтары және МСАК дамуының басым бағыттары;
*медициналық көмекті көрсету стандарттары мен клиникалық хаттамаларды түсіндіру;
* әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулардың профилактикасы бойынша материалдар;
* вакцинациялау, скринингтік бағдарламалар және ауруларды ерте анықтау бойынша ұсынымдар;
* халық денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ақпарат;
* медицина қызметкерлеріне арналған әдістемелік материалдар және қолдау;
* медициналық көмек алу бойынша цифрлық сервистер мен мүмкіндіктер туралы мәліметтер;
* мамандардың сараптамалық пікірлері мен түсіндірмелері;
*оқыту және ағартушылық жарияланымдар;
* жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар;
* халық пен кәсіби қауымдастыққа арналған маңызды хабарламалар мен жаңартулар.
Нақты ақпарат алып, денсаулық сақтаудың бастапқы буынындағы өзекті жаңалықтардан хабардар болып отыру үшін Орталықтың ресми ақпараттық ресурстарына жазылыңыздар.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі