2.11.2021, 0:26
Оқылды: 88

Ең ірі алаяқтық. Questra World-қа сенгендер 1 миллиард теңгесінен қағылды

Questra World Қаржы пирамидасына алданған мыңдаған қазақстандық бір миллиард теңгесін жоғалтқан. Алаяқтар жиған-тергенін санап берген азаматтарға салынған ақшадан 366 пайызға дейін табыс табуға болатынына кепіл берген.

5DC091E7-0E03-4AD9-A486-36288B07680B

Бүгін ішкі істер министрлігі аңқау елді алдаған Ресей азаматын экстрадициялау видеосын көрсетті. Аталмыш іске Ресейлікпен қоса, Кабо-Верде, Испаниядан келген әккі ұрылардың да қатысы бар. Олар Қазақстанда 2016 жылдың наурызынан бастап 2017 жылдың маусымына дейін Questra World қаржы пирамидасын құрып, мыңдаған жұртты ақша салуға тартады. Пирамида басшылары салынған қаржыдан 366 пайызға дейін табыс табуға болады деп сендірген. Ал салымшыларға виртуалды валюта арқылы құны 90-500 мың еуро тұратын ойдан шығарылған инвестициялық портфель сатып алуды ұсынып отырған. Бірақ қаражатты айналымға жібермейді. Заңсыз қаржы ұйымының кесірінен бір миллиард теңге шығын келген.

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

Бір қатысушыларды жаңа кірген салымшылардың жарнасының есебінен байыта отырып, қаржыны өзара бөлісіп отырған. Қылмыстық іс бойынша 4 адам, соның ішінде бұрын Беларусь елінен экстрадицияланған Ресей азаматы жауапқа тартылды. Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған Questra World ісі сотқа жолданды.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале