27.08.2019, 15:24
Оқылды: 695

Еңбегімен елге танылған

Бұрынғыдан «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз қалған екен. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, іскер, қайырымды да білімді замандасымыз туралы неге айтпасқа?! Әсіресе, ол адам жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалаған ер мінезді әйел адам болса. Міне, осындай жандардың бірі Айымгүл Тржанова еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, жас ұрпақтың жүрегінен жол таба білді.

bilim (2)

Ойы жүйрік білімді ұстаз кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, туризм және спорт бөлімінің басшысы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен кездердің өзінде-ақ аудан абыройын асқақтатып, биіктен көріне білді. Кейіпкеріміз Айымгүл Мақсотқызы 2005 жылы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Осы салада еңбек еткен 11 жыл ішінде көптеген жетістікке қол жеткізді. Мәселен, сол жылдары мектепке дейінгі балалар ұйымы 22 бірлікке артты, мектептердің материалдық-техникалық әлеуеті нығайды, аудандық туризм орталығы ашылды, өнер мектебі жаңартылды,

Аудан оқушылары 100% ыстық тамақпен және білім мекемелері аутокөліктермен қамтылды. Айымгүл Мақсотқызы мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейлерінің өсуіне де үнемі көңіл бөліп отырды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Бөрлі ауданы білім саласының негізгі көрсеткіштері бойынша облыстық рейтингте бірінші орындарды иеленіп келді. Өйткені мұғалімнің отбасында тәрбиеленген, жай мұғалім ғана емес, мектеп директорының қызы ретінде ол балаға саналы білім, сапалы тәрбие беру­де қателесуге тиіс емес екенін анық білді. Әр уақытта да заман ағымына ілесе білудің маңыздылығын ерте түсінген Айымгүл қай салада басшы болмасын, жас талапкерлерге үнемі қолдау көрсетіп, жасөспірімдердің әрбір бастамасын қуана қолдап отырды. Сондықтан аудан оқушылары түрлі пәндік олимпиадалар мен білім бәйгелерінде, өнер байқаулары мен спорттық жарыстарда маңдайлары жарқырап, озып келіп отырды. Жас болса да бас болып жүрген кейіпкеріміздің жолында кедергілер болмай қалған жоқ. Бірақ ол бәрін ер мінезімен, пайым-парасатымен жеңе білді. Бүгінде оны ел таниды.

 Еңбегімен елге танылу да бір бақыт шығар. Әркез кішіпейіл, қарапайым, еңбекқор, білімді, парасатты қалпынантанбай, адамгершілікті биік қойған Айымгүл Мақсотқызына тек сәттіліктер тілейміз!

Сапия Қарағойшиева,

Ақсай қаласы,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале