30.03.2021, 17:22
Оқылды: 162

«Еңбек елшісі» жобасының жеңімпазы жастар атынан министрлікке ұсыныс білдірді

Ағымдағы жылдың 25 наурызы күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Кәсіподақтар федерациясының ғимаратында кәсіподақ жастары үшін ұйымдастырылып жатқан «30 Еңбек елшісі» республикалық жобасының жеңімпаздары ҚР-ның Заң шығарушы және атқарушы органдарының өкілдерімен кездесті.

еңң

Еліміздің билік өкілдіктері мен кәсіподақ жастары арасындағы ашық диалог алаңында бірнеше сауал көтеріліп, жастар саясатына қатысты ұсыныстар талқыланды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов өз сөзінде келесі жылдан бастап «Жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіндігін хабарлап, кәсіподақ жастарын арнайы құрылатын жұмыс тобына шақырды. Сонымен қатар, «30 Еңбек Елшісі» атанған жас мамандардан жастар қозғалысын жандандыру мақсатында ұсыныстар білдірулерін сұрады. Бұл орайда Батыс Қазақстан облысы атынан жоба жеңімпазы атанған жас маман, БҚО «Келешек» кәсіподақ жастар ұйымының төрайымы Ақерке Шайқы сөз алды.

«Елімізде жүргізіліп отырған жастар саясатының аяқ алысына жақсы деген баға беремін. Бірақ, кейбір жаңару керек дүниелер көп-ақ. Солардың басын жастар жөніндегі статистикадан бастау керек деп ойлаймын. Осындай жастар алаңында Қазақстан халқының қанша пайызын жастар құрап отырғаны немесе елімізде қай жас аралығын жастар деп атайтындығы жөніндегі статистикалардан гөрі, еліміздегі жұмыссыздық миграцияның қанша пайызы жастар және бұл бағытта қандай жұмыстар жасалғаны жөніндегі статистикалар айтылса, кішкене нәтижелі болар ма еді. Жастар жұмыссыздықтан шаршаған жоқ, жастар тұрақсыз жұмыс орындарынан шаршады. Ол мәселе – мектеп бесігінен бастау алады деп ойлаймын. Өзіне қандай мамандық керек екендігін білмейтіндер саны жыл өткен сайын артуда, нәтижесінде еңбек қатынастарында «Сенделіп» жүрген жастар көші қалыптасуда. Еңбек елшісі ретінде, кәсіподақ қозғалысының жас өкілі ретіндегі алғашқы қызметімді осы ұсыныстардан бастауды жөн көрдім. Арнайы құрылатын жұмыс тобының мониторингтік бақылауларына Республикалық «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Дария Хамитжановнаның жетекшілігімен мен де ерікті түрде атсалысуға дайынмын, - дейді ол.


"БҚО кәсіподақтар орталығы" АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале