22.11.2021, 15:00
Оқылды: 119

Еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін төлемдер 5% артады

Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу жағдайларына берілетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшері артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

43

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу жағдайларына берілетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшері 5% арттырылатын болады. Тиісті Қаулыға Үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды.

Құжаттың толық мәтіні

* * *

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале