1.04.2022, 16:00
Оқылды: 158

Еңбек нарығында қандай салаларда маман тапшы – «Атамекен» талдауы

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген талдау деректері бойынша 2022-2024 жылдары өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру және сауда сияқты салаларда маман қажеттілігі жоғары екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

de8e1d202b2445eea286f688f0827d4e

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 4 наурызға дейінгі аралықта кәсіпкерлерге сауалнама жүргізіп, нарықта алдағы екі жылға мамандарға қажеттілікті талдады.

-Сауалнамаға 32 мың кәсіпкерлік субъекті қатысты, соның ішінде 9,5 мың компания мамандардың тапшылығын атап өтсе, 112 компания штаттағы қызметкерлерді қысқартуды жоспарлап жатыр, деп хабарлайды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

ҰКП талдау деректері бойынша 2022-2024 жылдары өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру және сауда сияқты салаларында қажеттілік жоғары. Бұл ретте ең аз қажеттілігі бар салаларда (сумен жабдықтау, жылжымайтын мүлік) қызметкерлерді қысқарту талап етілмейді.

-Еңбек нарығында біліктілігі орташа және төмен мамандықтар: аспаз, тігінші, сатушы, қосалқы жұмысшылар, тракторшылар, слесарь-жөндеушілер сұраныста, - дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале