16.07.2021, 12:01
Оқылды: 460

Еңбек ұжымы ПТР-тест ақысын міндетті медициналық сақтандыру қорынан төлеу туралы ұсынысты көтерді

Кеше «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен онлайн кездесті.
image-15-07-21-07-00
Сонымен қатар, кездесуге «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Атақозы Нұрланов, Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Серік Сүлеймен, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ директоры Арман Дәулетов және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Тарбия Ғалиева қатысты.
Кездесу барысында аталмыш мекеменің тарихы, жұмыс барысы туралы қысқаша ақпарат берілгеннен соң еңбек ұжымындағы мәселелер мен сұрақтар талқыланды. Мекеме қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы Тарбия Ғалиева өз сөзінде қазіргі таңда әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақылары өскенін, әрі қарай да бұл өсімнің жалғаса беретінін айтты және ұжымдағы мәселелерге де тоқталды. Оның ішінде әлеуметтік салада қызмет ететін мамандардың зейнеткерлік жасын қысқарту туралы және вакцина екпесіне қатысты сөз қозғалды. Бұл ретте, кәсіподақ төрайымы федерациясы басшылығына апта сайын тапсырылатын ПТР-тесттің ақысын қызметкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төлеуі туралы ұсынысын жеткізді.
Кәсіподақтар федерациясының заңгері Тимур Нұғманов еңбек ұжымында қозғалған мәселелерге заңнамалық негізде жауап берді. Кездесу соңында ҚРКФ төраға орынбасары Нұрлан Өтешов аталған мәселелерді осы саланың ғана емес, көпшілік халықтың көкейіндегі сұрақ екендігін атап өтті. Сондай-ақ кәсіподақ өкілі әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі жоғары бағалануға лайық екендігін айтып, алдағы уақытта «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында тағы да бірнеше кездесудің ұйымдастырылатынын жеткізді.
«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале