5.07.2023, 18:00
Оқылды: 32

Еңбекминінің жобалық офисі Қазақстанда ҰБЖ дамыту бойынша семинарлар циклін өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық офисі Қазақстанда Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша семинарлар циклін өткізді, оның аясында мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және «Атамекен» ҰКП-ның 160-тан астам өкілі, сондай-ақ республиканың жоғары оқу орындарынан 400-ден астам адам оқытудан өтті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  жазды.

енбек

Семинарлар ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысының қойған міндеттерін жедел шешу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қазақстанда ҰБЖ енгізу шеңберінде өткізілді.

Оқуға ҰБЖ дамытудың халықаралық тәжірибесімен бөлісу үшін Еуропалық Одақ елдерінің, сондай-ақ «Эрнст энд Янг» халықаралық аудиторлық-консалтингтік компаниясының сарапшылары шақырылды.

Сондай-ақ, семинар барысында ЕХӘҚМ және Жобалық офис өкілдерінің қатысуымен ҚР Парламенті Сенаты мақұлдаған «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңның новеллалары және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП және ЖОО өкілдеріне әзірленіп жатқан «Career Enbek» цифрлық платформасы таныстырылды. Ол ҰБЖ барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимыл алаңынға айналады: біліктіліктерді, дағдыларды бағалау мен тануды ұйымдастыру процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді, ҰБЖ базалық құралдары бойынша ақпаратқа халықтың еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Платформада пайдаланушыларға кәсіптік біліктілікті тану орталықтарымен танысуға және таңдалған мамандық бойынша емтиханға жазылуға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар семинар қатысушыларына «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасы таныстырылды. Платформа пайдаланушыларға онлайн режимде білім алуға мүмкіндік береді.

Жалпы, семинарлардың тестілік сабақтарының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатарынан оқытудан өткені туралы сертификат алған 90 адамнан тұратын Сарапшылар тізілімі қалыптастырылды.

Бұл тізілім кейіннен сарапшыларды ҰБЖ кәсіптік стандарттарын және басқа да базалық құралдарын әзірлеуге немесе өзектендіруге тарту үшін қалыптастырылған.

Болашақта ҰБЖ дамыту бойынша семинарлар циклін қайта өткізу, сондай-ақ ұқсас онлайн курстарды дайындау жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале