28.09.2021, 10:42
Оқылды: 82

Ендігі меже – жасыл аймаққа өту

Таяуда ҚР Президенті жанындағы Орталық  коммуникациялар қызметінде  онлайн  түрде  өткен  брифингте Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы  коронавирустық инфекцияның таралуына  жол бермеу жөніндегі шаралар талқыланды. 

Оған БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының  басшысы  міндетін атқарушы  Арман Қалибеков,  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев қатысты.

422a3c38-187c-4296-8660-4a89b5105148

– Эпидемиологиялық шараларды тұрақтандыру үшін қатаң карантиндік шектеулер қабылданды. Түрлі жәрмеңкелер өткізу тоқтатылды. Вакцинация – аурушаңдықтың төмендеуіне және облыстың «қызыл аймақтан» шығуына ықпал етті. Жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның  зертханалық расталған 27 849 жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда 22 350 адам емделіп шықты. Ауру динамикасының тамыз айынан бастап айтарлықтай төмендеуі байқалуда. Мәселен, егер шілде айында 6192 жағдай тіркелген болса, тамызда науқастардың саны 3828 адамды құрады. Қыркүйек айында да науқастар саны азаюда, – деді облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Арман  Қалибековтің айтуынша, бүгінгі таңда медицина қызметкерлері, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, өнеркәсіптік объектілердің қызметкерлері, вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер коронавирустық инфекцияға қарсы екпемен 100% қамтылған. Сондай-ақ жылжымалы егу пункттерінің санын қосымша көбейтіп, теміржол бекетінде, ірі ойынсауық орталықтарының жанында және ірі базарларда осындай пунктер  орнату жоспарда бар. Облысымызда жалған вакцинация паспортын жасатқандар жоқ. Себебі  ауруханаға келген адамдар бейнебақылау арқылы жіті қадағаланады. 1 қазаннан бастап «қызыл аймақта» жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне тұрақты қосымша  ақы  төленетін болады.

– Облыстағы мектептердің бәрі «Ashyq» мобильді қосымшасын қолданады. Оқушыларға арналған ауқымды мәдени-көпшілік іс-ша-ралар ұйымдастырылып жатқан жоқ. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда біздің облыс – «сары аймақта». Ал енді «жасыл аймаққа» өту де  өзімізге байланысты. Барлық карантиндік шектеуді сақтайтын болсақ, әрине, «жасыл аймаққа» өтуге мүмкіндік бар, – деді Мұхамғали Арыспаев.

Баяндамашылардың сөзінен белгілі болғандай, облысымызда 167 мониторингтік топ жұмыс істейді. Соңғы аптада 83 рейд жүргізіліп, 689 нысан қамтылған. Шектеу шараларын бұзған 12 нысан иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы  хаттама  толтырылған.

Марлен Ғилымхан,

 zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале