«Қос домбыра» облыстық домбырашылар байқауының гала-концерті өтті
19 Тамыз 2022

«Қос домбыра» облыстық домбырашылар байқауының гала-концерті өтті

Екі үй отқа оранды
19 Тамыз 2022

Екі үй отқа оранды

Қызыл жалынды ауыздықтау жұмысы жалғасуда
19 Тамыз 2022

Қызыл жалынды ауыздықтау жұмысы жалғасуда

Қазақстанда қанша қала, ауыл бар?
19 Тамыз 2022

Қазақстанда қанша қала, ауыл бар?

«Жұмыс жоқ» дейтін азаматтардың көбінің білімі жоқ – вице-премьер
19 Тамыз 2022

«Жұмыс жоқ» дейтін азаматтардың көбінің білімі жоқ – вице-премьер

Әнге салды Санжар және Айсезім
19 Тамыз 2022

Әнге салды Санжар және Айсезім

8.12.2020, 15:52
Оқылды: 47
ЕО мен БҰҰ әйелдер мен балаларға қарсы зорлықты шектейтін бағдарламаны іске қосты

Еуропалық одақ пен Біріккен Ұлттар ұйымы әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылықты шектеуге бағытталған бағдарламаны іске қосты. Шараға ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.

сс1

«Пандемияның ауыр салдарының бірі – бүкіл әлемде әйелдерге деген зорлық-зомбылықтың көбеюі. Сол себепті «Spotlight» («Жарық сәулесі») бастамасының маңызы өте зор. Бастаманың Халықаралық адам құқығын қорғау күні қарсаңында жолға қойылуының да мәні бар.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жарық сәулесі» бастамасын аймақтық бағдарламасын ұлттық және аймақтық деңгейде жүзеге асыруды тапсырды.

Пандемия өзінің әлеуметтік-экономикалық ықпалымен бүкіл әлемдегі гендерлік теңдік бағытында жеткен прогрестеріміздің бәріне кедергі келтірді. Алайда Қазақстанда бұл бағытта барынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар бұл біздің «Қазақстан – 2050» стратегиямыздың басым бағыттарының бірі. Қазақстан гендерлік теңдік пен елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі әйелдердің рөлін бекемдеу бағытында әлемдік стандарттарға жету үшін барынша күш салып жатыр. Осы жылдың басынан бастап әйелдер мен балаларға жыныстық қылмыс жасағандарға қылмыстық жауапкершілік күшейтілді», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Министр сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстанның Парламенті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес институтын бекемдеу жөніндегі заң жобасын әзірлеп жатқанын айтып өтті. «Қазақстан алдағы уақытта да теңдікке төр беру, әйелдердің шеттетілуіне қарсы тұру, тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту бағытына өзі қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындайды», - деді Мұхтар Тілеуберді.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале