9.03.2021, 19:35
Оқылды: 323

Эпидахуал әлі де тұрақсыз

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен коронавирус індетінің алдын алуға байланысты штаб отырысы өтті.

86864EF4-5F36-42C0-BECF-E856CC10EA8C

Жиында бірқатар мәселе қаралды. Оның алғашқысы облыс әкімінің орынбасарын тағайындау болатын. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және әкімнің өкімімен Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

8A0E6144-A292-45AA-841E-4796E22B69A3

Айта кетсек, Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Әр жылдары Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы, осы бөлімнің басшысы, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы, БҚО әкімі аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары болды. 2019 жылдың қаңтарынан бері Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

1D7D9440-C1FF-4AD2-A070-1391E773B0F3

Штаб отырысында талқыланған келесі мәселе – КВИ бойынша облыстағы эпидахуал еді. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, өңірдегі эпидахуал әлі де тұрақсыз. Індетті күніне 30-80 адам жұқтырып отыр. Облыс бойынша 4244 адам КВИ жұқтырған. Өткен апталармен салыстырғанда соңғы жұмада коронавирус бойынша аурушаңдық бес пайызға азайған. Науқастардың 39,6 пайызы ЖРВИ бойынша тексерілгенде, 39 пайызы науқастардың отбасы мүшелерін тексергенде, қалғандары профилактикалық бағытта қаралғанда анықталған.

- Соңғы тәулікте өңірдің 39 тұрғыны вирус жұқтырып отыр. Білім беру саласы бойынша үшінші тоқсанда мектептердің дені дәстүрлі форматқа көшті. Облыстағы білім беру саласында 307 жағдай тіркелген. Яғни 16 мектепте 25 сынып карантинге жабылған. Індет әлі ауыздықталған жоқ. Той-томалақ жасайтындар да көбейді. Әсіресе наурыз айында тойланатын мереке-мейрамдар көп. Сондықтан тұрғындарға КВИ-ді жұқтырмас үшін санитарлық талаптарды қатаң сақтап, той-томалақты кейінге шегеру қажеттігін айтамыз. Отбасылық, мерекелік басқосулардығ алдын алу үшін мониторингтік топтың жұмысын тағы да ширатуымыз қажет, - деді Нұрлыбек Мұстаев.

Сондай-ақ жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков stopcovid.kz ақпараттық қолдау порталының және Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков мониторингтік топтың жұмысына тоқталды.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале