27.03.2023, 16:30
Оқылды: 40

Ерекше монеталар айналымға шығады: Street art. BATYR BEINESI, FIFA WORLD CUP QATAR 2022, SALIÝT-1

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылдың 28 наурызынан бастап ҚҰБ интернет-дүкені арқылы  коллекциялық монеталардың сатуға шығарылатынын хабарлайды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі жазды.

1 (1)

«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» сериясынан Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монетасы. Сынамасы 925/1000 күміс монетасы түрлі түсті баспа технологиясы қолдана отырып дайындалған. Массасы 31,1 грамм, мөлшері 30х45 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 5 000 дана.

48wjjhnRiWf6rTWvTEdODQZQWc2b0CQxSBBg6qGb

«Спорт» монеталар сериясымен шыққан FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған. 925/1000 сынамасы бар күміс монеталардың массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 100 теңгелік, Қазақстанның ішкі нарығына арналған саны – 3 650 дана.

3

«Ғарыш» монеталар сериясымен шыққан SALIÝT-1 коллекциялық монеталары нейзильбер қоспасынан (МН 15-20) тұрады. Массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 100 000 дана.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале