28.07.2020, 14:43
Оқылды: 158

«Ерке» студиясының елге көмегі көп болмақ

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлініп келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы халыққа арнаған Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналу керек деп мәлімдеме жасады.

85E54083-BB34-45F6-97A8-165961D991E0

- Осы жылдың ақпанында алдымен, Алланың қолдауы болса, екінші еліміздегі көптеген жаны жомарт, қайырымды жандардың әлеуметтік тұрғыдан қолдауы аясында өз кәсібімді аштым. Ондағы мақсатым өзімді мүмкіндігі шектеулі емес, шексіз адам ретінде көрсетіп, халық игілігіне жарайтындай еліме, жеріме адал қызмет ету, қоғамға жат адамдай қарамай, керісінше, жоғарыда айтылғандай, ел қатарлы еңбектеніп, өмір сүруге құлшынысы бар адамдай көрсете білу болатын.

78CD0D1E-0C58-45E4-A683-46E12801AD10

Менің де кәсіпкер атанып, бұл кәсіппен айналысқаныма көп уақыт бола қойған жоқ. Десек те, алдағы уақытта бастаған ісімді ары қарай жандандырып, көркейтіп, студиямда жасалған жұмыстарымды ел алдына ұсынуға ниеттімін.

Өз жетекшілігімдегі "Ерке" қолөнер студиясында тоқыма, тігін т.б. өзге де үйірмелер жүргізілуде. Үйірмемізде әзірге 20-ға тарта қатысушы бар. Олардың ішінде тек қана мектеп жасындағы бүлдіршіндер ғана емес, бала күтімімен үйде отырған қыз-келіншектер мен апа-әжелеріміз де қатысып, қазақтың қолөнерін одан ары дамыту үшін толық жағдай қарастырылды десем болады.

3B1CB6A9-900D-4B2C-ACC8-F9231559259F

Болашақта студиямды әлемдік деңгейде көркейтіп, өз кәсібін дөңгелентіп отырған беделі биік кәсіпкерлер қатарына қосылып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз аймаққа айналғым келеді. Дегенмен де мүмкіндігім шексіз жан ретінде өзім сияқты өмірге құштар жандардың қоғамнан шеттемеуі үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау әлі де жалғасын таба беретініне кәміл сенемін, - деді бәйтеректік қайсар қыз, "Ерке" қолөнер студиясының жетекшісі Жанерке Ерболқызы.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале