10.08.2022, 14:58
Оқылды: 28717

Еркін Мұханғалиевтің туыстары: «Кәсіпкер Еркін Мұханғалиев сағыз, шемекі сатып, кәсібін дамытты»

Оралды шулатқан оқиға белгілі кәсіпкердің қылмыскер қолынан қаза табуы болды. Адам баласы болғасын неше түрлі пікір айтылады ғой. Мақтап жатқандар да, даттап жатқандар да бар. Біз марқұмның туыстарынан Еркін кәсіпкерлікке қалай келгенін сұрап едік.

E435C832-7DE7-4425-9FB2-12A4A134B505
– Ол немен айналыспады. Базарда шемекі, сағыз сатты. Оны өзі таситын. Өзі сатушы, өзі жүк тасушы болатын. Одан кейін алма сатты. Базарда шаң-шаң болып, күннің астында, желдің өтінде тұрып тиыннан ақша құрады. Кейін мейрамхана бизнесімен айналысамын деп соған көшті, - дейді марқұмның әпкесі Талшын.

Ал Зоя есімді жеңгесі: «Еркін студент күнінде менің қолымда жатып оқыды, ол сол кезден бастап сағыз, шемекі сатып жүретін. Керемет музыкант еді. Ортаның адамы ғой. Кейін бизнесі өсті, көтерілді. Қалай тиыннан теңге құрағаны көз алдымда. Кәсіп жүргізу оңай емес, бақ пен жала, өсек қатар жүреді» дейді.

– Ана «Гүлчетайды» гүлдендіремін деп көп жүгірді. Дизайн ескірді, жаңалаймын деп шапты. Шет елден бірдеңе көріп келеді де, соны бізде жасағанша асығады. Жанталасып еңбек етті. «Рахат Лукум» мейрамханасы да бір кездері тұралап тұрған. Адамдар саябақтан келе жатып шәй ішетін, отбасымен отыратын орын дайындаймын деп соны бастап кетті. Бір тыным таппайды», - дейді туыс әпкесі Мәриям Иманғалиева.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале