30.04.2026, 17:30
Оқылды: 9

Ерлі-зайыпты дроперлік үшін сотталды

Теректі аудандық сотының үкімімен ерлі-зайыптылар дропперлік үшін сотталды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі, - деп жазады kaz.inform.kz

judge's gavel in hand judges is placed on a table in the legal counsel's office and is often used before verdicts are read to plaintiffs, and defendants in court

Фото: istockphoto.com

Басасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, олар өздерінің банктік деректерін үшінші тұлғаларға беру арқылы ақшаны заңсыз аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларына қатысқан. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 1 млн 460 мың теңгені құрады.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура дропперлік қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады, мұндай әрекетке қатысқаны үшін мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Прокуратура азаматтарды қырағылық танытуға және банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале