14.12.2020, 23:56
Оқылды: 88

Ертеңі жарқын, келешегі кемел Сегізсай

Шыңғырлау ауданының Қаратөбемен шектесетін жерінде Алмаз округіне қарайтын Сегізсай деген шағын ауыл бар. Халқының қақ-соқпен ісі жоқ, мал өсіреді, таңның атысы, күннің батысы бел жазбай еңбек етеді. Сол шағын ауылдың үйреншікті тіршілігі 2010 жылы күрт өзгерді. Осындағы 15 отбасы тәуекелге бел буып, Оралдағы балалар үйінен 18 бүлдіршінді патронаттық тәрбиеге алып келді. Соңынан олардың саны 25-ке жетті.

Ертеңі жарқын, келешегі кемел Сегізсай

Бүгінін шүкіршілікке балаған, ертеңіне жарқын қабақпен қараған шағын ауылдың шалымды тірлігінен хабардар болғыңыз келсе, облыстық «Орал өңірі» газетінің №99 санынан журналист Тоқтар Ғабдірешұлының «Ертеңі жарқын, келешегі кемел Сегізсай» атты мақаланы оқыңыз, оқырман!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале