12.02.2024, 12:00
Оқылды: 20

Ешбір ханға бас имеген батыр  

 

Қазақтың Жанқожа батыры туралы жазба деректер жоқтың қасы. Алайда халық жырларында батырдың есімі зор құрметпен жырланады.

e7a87b73-56e1-495b-8bfa-ba60be1c6592

Фото: kk.wikipedia

Әсіресе Жанқожа батырдың Хиуа, Қоқан билеушілері мен Ресей отаршылдығына қарсы күресі ерекше аталады.

Хиуа мен Қоқан хандықтары қазақ жеріне баса көктеп кіріп, алған жерлеріне қамал соғып, халыққа алым-салық төлете бастаған тұста әлім шөменнің ханы Қылышбайды қолдап, қиян-кескі шайқаста Хиуа әскеріне күйрете соққы берген кезде Жанқожа батыр бар-жоғы 17-де болған.

Сол ұрыстың жекпе-жек шайқасында хиуаның Тықы батырын жеңіп алғаш рет көптің көзіне түседі. Оның өмірі сыртқы басқыншылықпен ғана емес, ішкі жау және билік құмар сұлтандар, билермен күреске толы өтеді.

Жанқожа батыр туралы белгілі тарихшы М.Тынышпаев: «Барлық орданың биі және батыры, қазақтардың азаттығы жолында жан аямай күрескен Жанқожа батыр орыстарға да, хиуалықтарға да, қоқандықтарға да және ешбір ханға бас имеген» деп жазады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

 («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале